Search

Papa & Mama

Papa & Mama
Әкешім-анашым (Akeshim - Anashym) Kazakh
Ер жетсем де балқып бар үнім
Еркелеймін екеуіңе әлі күн
Өтелмеген парызым көп-ақ
Сыйладыңдар бұл өмірдің жарығын
Ақ бұлағым, асқар тауым, алыбым

Асылым, аялаған әнім
Жаныңның саяладым бағын
Жан әкем, асыл анам менің
Үмітіңді сенің ақтаймын мәңгі
Асылым, қос шынарым таңғы
Өздеріңмен мәңгі
Ғұмырым мәнді

Әкем - арым, анам - ардағым
Дүниенің ұқтырдың бар тәлімін
Алақанға салып аялап
Сыйлай алсам адамзаттың мәңгі әнін
Бұл өмірде болмас еді арманым

Асылым, ардағымсың, мамам
Анашым, алтын арай түнім
Әлемнің ай мен күні сенсің
Бере алмайды бәрі жаныңның нұрын

Асылым, қос шынарым таңғы
Өздеріңмен мәңгі
Ғұмырым мәнді (x4)

Views: 585 - Composer:Dimash Kudaibergen - Lyrics:Askar Duisenbi and Dimash Kudaibergen - Last clicked: 15 May 2024 14:37:33